Отандық мамандар өкпе ауыстыруға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық мамандар өкпе ауыстыруға дайын

01.10.2015
Отандық мамандар өкпе ауыстыруға дайын

Алғашқы өкпе ауыстыру операциясы биыл жасалуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық кардиохирургия орталығының мамандары айтты. Бүгін емдеу мекемесінде «Өкпе  гипертензиясын диагностикалау және емдеуде мультитәртіптік амалдар» атты  екінші халықаралық шеберлік сағаты басталды.

Отандық дәрігерлерге Ұлыбритания, Италия, Сауд Арабиясынан келген мамандар өкпе емдеудің жаңа амалдарын үйретуде. Қазір елімізде құрт ауруына шалдыққан науқастар саны 150 мыңға жеткен. Шетелдіктердің қатерлі  індетпен күресудегі жаңа тәсілдері «бұл көрсеткішті азайтуға септігін тигізеді»,-дейді мамандар. 

Сәуле АЛДАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу