Тыныс жолдары ауруларын қалай емдеуге болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тыныс жолдары ауруларын қалай емдеуге болады?

18.10.2014
Тыныс жолдары ауруларын қалай емдеуге болады?

Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан басқа, ауатамыр мен өкпенің қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. аурулар жатады. Оның ішінде өкпенің қабынуы  аурудың кең тараған түрі.

Организмге ауру тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде өкпе қабынады. Өкпе қабынғанда дене қызуы 39,4-40 градусқа дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды.

Ал, ауатамырдың қабынуында ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл — булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және тағы басқа заттардың иісі, сондай-ақ, көңіл-күйдің езгеруі де әсер етеді.

Негізінен, тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бөртпе шығады.

Бұл аурулардан құтылудың амалы бар ма? Алдын алу жолдары қандай? Бүгін 10.05-те «Дауа» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу