Душанбеде сайлау нәтижесін жариялау барысында қауіпсіздік қатаңдатылды

12.10.2020

Тәжікстанда президент сайлауы аяқталды. Алдын ала деректер бойынша, Эмомали Рахмон жеңіске жетті. Оған халықтың 90 пайыздан астамы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлауға тұрғындардың 85 пайыздайы қатысты. 5 үміткер бақ сынасқан. Сайлау нәтижесін жариялау барысында ел астанасы Душанбеде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қырғызстандағы сияқты жағдай қайталанбас үшін, үкімет үйі мен көшелерді сақшылар бақылап, кафе-мейрамханалардың жұмысы уақытша тоқтады.

Жансая Қапасқызы

Душанбе

Хабарламаларға жазылу