Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 38 миллионға жуықтады
Қауіпті көшті бастап тұрған АҚШ пен Үндістанда 7 миллионнан астам науқас тіркеліп отыр. Соңғысында күніне 75 мыңдай адамнан вирус анықталады. Індет Еуропада да өршіп тұр. Бір күнде ковидпен Испания мен Ұлыбританияда 13 мың, Францияда 16 мыңдай адам тіркелді. Мемлекеттер эпидемиямен күресу үшін жаңа шектеу шараларын қабылдап жатыр.
Латын Америкасында жұқпалы дертке 10 миллиондай адам шалдыққан. Олардың жартысы Бразилияға тиесілі. Соған қарамастан, елде карантин талаптары жеңілдетілді. Мамандар биліктің бұл әрекеті коронавирустың екінші толқынына әкеледі деп алаңдайды. Эпид ахуалдың ушығуы Аргентина, Колумбия, Перуде де байқалуда.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12