Елімізде мақтаны сатып алу бағасы бекітілді

11.10.2020

Ауыл шаруашылығында бейнетсіз жұмыс жоқ шығар, бірі - мақта терімі. Және өткенде айтқандай, өтелмеген еңбек деген мақта шаруашылығына да тура келеді. Соншама азаптанып егіп, бел жазылмай тергенде төленетін пұлдың пұл сияғы жоқ. Мақта қабылдайтын зауыттардың иелері әуелі бағаны белгілемей отырады, сосын өзара келісіп, барынша төмен баға қояды. Кәсіпорын басшылары атқарушы биліктің – министрлік пен әкімдіктің ақысын шығынға қарап төлеңіздер деген рекомендациясына селт етпейді. Бір гектар мақта дақылының шығыны өсіп-өндірудің технологиясы бойынша 256 901 теңгені құрайды. Орташа есеппен әр гектардан өнім алған диқанның кірісі 200 мың теңге болса, шығысы 257 мың теңге.  

  Айта кететіні, мақтадан дайындалған тауар Қазақстанға 5-6 есе қымбат бағада келеді. Дайын өнім шығару туралы туралы тіпті үндемедік. Мақта еккен Мырзашөл өңіріндегі халықты өңірлік тілшіміз Айнұр Ақбаева тыңдап қайтты. 

Бүгін мынадай ресми ақпар шықты: Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Сапаровтың төрағалығымен Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Қазақстан мақта қауымдастығы және мақта өңдеу зауыттары басшыларының қатысуымен кеңес өтті. 

Кеңес қорытындысы бойынша өнімдерді сатып алу бағасы - 1 және 2-ші сұрыпты мақтаның 1 келісі үшін кемінде 130 теңге болып бекітілді.


мақта Ауыл шаруашылығы

Хабарламаларға жазылу