«Ауыл – ел бесігі» жобасында тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл – ел бесігі» жобасында тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген

08.10.2020

«Ауыл – ел бесігі» жобасында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту жағы ескерілмеген. Өйткені ондағы тіректі әрі спутникті іріктеу тізіміне негізінен аудан орталықтары мен айналасындағы ауылдар ғана енгізілген. Ал шалғай елді мекендердің дені кіргізілмепті. Сонда қалған 2 800-ден астам ауылдың болашағы бұлыңғыр болып тұр. 40%-ы тіпті шекара бойында орналасқандықтан жойылып кетсе, елдің және жердің тұтастығына қауіп төнбейді ме? Сенат депутаты Үкімет басшысына осындай сауал жолдады. Сондай-ақ ол Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» компаниясы аталған жобадан тыс қалған. 

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
ҚР Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 2019 жылы бөлінген 448 миллиард теңге қаражаттың 1,6 миллиард теңгесі ғана ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашуға септігі бар 22 жобаға бөлінген. Ал 2020 жылы ауыл аумақтарында ашылатын 20 мың жұмыс орындарының 800-і ғана тұрақты болмақ. Яғни, әр 4 елді мекенде орта есеппен бір ғана тұрақты жұмыс орны құрылады деген сөз.

Нысаналы Ығыл

депутаттық сауал Ауыл – ел бесігі ауыл сенат

Хабарламаларға жазылу