Ақмола облысындағы Шортанды және Есіл аудандарында 70-тен аса құс қырылды
Ақмола облысындағы Шортанды және Есіл аудандарында 70-тен аса құс қырылып қалды. Осылайша, аурудан өлген құстардың жалпы саны 2400-ден асып кетті. Облыс бойынша індет 15 елді мекенде анықталды. Оның 4-еуі карантинге жабылып, барлығы 2,5 мың үй құсы жойылды. 3 ауылға шектеу қойылған. Қалғандары бойынша шешім қабылданып, тіркеу жүргізілуде. Өңірде республикалық эпизоотияға қарсы жасақ мамандары жұмыс істеуде. Ал өтемақы мөлшерін арнайы комиссия анықтайды. Мамандар орташа нарықтық бағаға сай болады деп отыр. Сондай-ақ, аймақта екпе салу аяқталуға жақын.
Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:-Алған 510 мыңдай доза вакцинамыз егіліп болуға жақын. Қазіргі таңда 480 мыңы егілді.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06