Бүгін Нұр-Сұлтанда қар жауып, жолда көктайғақ болады

05.10.2020
Бүгін Нұр-Сұлтанда қар жауып, жолда көктайғақ  болады

5 қазанда Нұр-Сұлтанда жауын-шашын болып, қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы 2-4 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондай-ақ Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең 5 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

5-7 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Түнде және таңертең 5-7 қазанда кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Тараз қаласында түнде және таңертең 7 қазанда 1-3 градус үсік күтіледі. 

4 қазанда күндіз Түркістан облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. 

5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

5 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

5-6 қазанда Павлодар облысында да жаңбыр, қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. 5 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.


тұман көктайғақ қар

Хабарламаларға жазылу