Елордада ЖОО студенттері үшін қайырымдылық туралы дәрістер өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ЖОО студенттері үшін қайырымдылық туралы дәрістер өтеді

30.09.2020
Елордада ЖОО студенттері үшін қайырымдылық туралы дәрістер өтеді

Елордалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Қазақстандағы қайырымдылық: тәжірибе, трендтер, болашағы» қайырымдылық туралы дәрістер өткізіледі.

Шараға экономист Олжас Құдайбергенов, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай, еріктілер қозғалысының белсендісі Данара Саранова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божаков және американдық бизнесмен және меценат Дэвид Валера спикер ретінде қатысады.

Жиын спикерлері қайырымдылық көрсетудің жеке тәжірибесі туралы айтып, еліміздегі қайырымдылықты дамыту перспективалары туралы пікірлерімен бөліседі, саланы дамытудың негізгі трендтеріне сипаттама береді, сондай-ақ Қазақстанда меценаттықты ынталандыру үшін өз ұсыныстарын айтатын болады.

«Студенттерге жобаны жүзеге асыру барысы мен қайырымдылықпен айналысудың әлеуметтік маңызы туралы арнайы дайындалған роликтер көрсетіледі. Сонымен қатар, қайырымдылық туралы арнайы сайтта орналастырылған ақпараттық материалдармен танысу мүмкіндігі ұсынылады», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Хабарламаларға жазылу