Қарттарды қолдауға зейнетақыдан тыс 32,6 млрд теңге бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттарды қолдауға зейнетақыдан тыс 32,6 млрд теңге бөлінген

01.10.2020
Қарттарды қолдауға  зейнетақыдан тыс  32,6 млрд теңге бөлінген

Қазақстанда қазір 2 миллионнан астам зейнеткер бар. Қарттар күнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарияларға арналған әлеуметтік-материалдық көмек түрлерін тізіп шықты. 

Осылайша, дереккөзіне сүйенсек, Қазақстан қарттарды қолдау үшін биыл зейнетақыдан тыс, 32 млрд 670 млн теңге қаражат бөлген. 

Мәселен, биыл 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда базалық зейнетақы биыл 10%, тұрақты зейнетақы 12% өскен. Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір осы екі зейнетақыны қосқанда, ең төменгі зейнетақы 58 мың теңгеге жеткен. Оның үстіне, азаматтар зейнетақы қорына жинаған ақшасы есебінен зейнетақы алады.  

Сонымен қатар, ел бойынша қарттарға арналған 113 стационар мектеп-интернат бар, облыстарда 58 күндізгі стационар бар, 58 стационарда 5 мыңнан астам қарт арнайы әлеуметтік қызмет алып жатыр. Әлеуметтік қызметкерлер 52 мың өте кәрі және мүгедек қарияның үйіне барып, қызмет жасайды. 

«Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамтитын 2,3 млрд теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі», - деп хабарлап отыр Еңбек министрлігі.

Қарттар күні зейнетақы бірреттік төлем Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Хабарламаларға жазылу