Ұлттық қордан бөлінген қаржының 214 млрд. теңгесі игерілді - «Бәйтерек» ҰБХ

16.06.2016
Ұлттық қордан бөлінген қаржының 214 млрд. теңгесі игерілді - «Бәйтерек» ҰБХ

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі экономиканың шикізаттық емес саласын қаржыландыру көлемін жыл санап арттырып келеді. Былтыр бұл салаға ұзақ мерзімді несие беру үлесі 40 %-ға дейін ұлғайтылып, 262 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Мәжілісте өткен Қаржы және бюджет комитеті мен «Нұр Отан» партиясының экономикалық саясат кеңесінің отырысында айтылды.

Холдинг басшылығының айтуынша, Ұлттық қордан бөлінген 250  млрд. теңгенің 214 млрд.-ы толық игеріліпті. Қаражаттың көбі екінші деңгейлі банктерді несиелеуге, экспортты қолдауға, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыруға бағытталған.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу