Фастфудқа құмар студенттердің 37 пайызы асқазан ауруына шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фастфудқа құмар студенттердің 37 пайызы асқазан ауруына шалдыққан

27.09.2020

Біздің тілшіміз барып сөйлескен, аптасына он мыңдаған тапсырыс қабылдайтын ас-ауқат дайындайтын компания жұрттың жиі сұрайтын тағам түрлеріне донер кебаб, пицца мен түрлі бургерлерді жатқызды. Бұларға қосып міндетті түрде газдалған сусындар сатып алады. Қалаларда артық салмағы бар балаларды жиі көретін болдық. Бұл жақсы тенденция емес. Фастфудты мүлдем қолданбау мүмкін емес шығар. Өте сирек жеуге көндіру үшін ата-ана барын салуы керек. Әрине, ол үшін фастфудтың зиянын ата-ананың өзі мойындауы шарт. Ол үшін ғылыммен қаруланған керек. Өткенде BBC тілшісі мамандармен бірлесіп еріктілерді екі жұма фастфудпен қоректендіріп, соңында адам организмінің қандай өзгеріске ұшырағанын көрсететін фильм түсірді. Міне, көретін дүние! Әлеуметтік желілерде арзан күлкі, фальшь фото қызықтап отырғанның орнына қарайтын. Ақерке Бектастың сараптамасы.     


Хабарламаларға жазылу