Еліміздегі әр екінші тұрғын асқазан ауруына шағымданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі әр екінші тұрғын асқазан ауруына шағымданады

23.11.2017

Еліміздегі әр екінші тұрғын асқазан-ішек жолдары ауруларымен шағымданады. Ұлттық гастроэнтерология қауымдастығының өкілдері осындай деректер келтіре отырып, ауруға себеп 80 пайыз жағдайда қоршаған ортаның әсері екенін айтады. Бұл тұрғыда бірінші кезекте тамақтану тәртібінің бұзылуы тұр. Салдарынан асқазанда гастрит пайда болады. Дер кезінде емдемесе қатерлі ісікке ұласады. Адамдардың денсаулығына салғырт қарауынан елімізде дер кезінде анықтау мүмкін болмай отыр. Осы мәселелердің алдын алып, ерте диагностика жүргізу және заманауи тәсілдерді терең меңгеру мақсатында елордада «Астана Гастро-2017» ғылыми конференциясы ұйымдастырылды. 

Роза Бектаева, ҚР Ұлттық гастроэнтерология қауымдастығының президенті:

- Ғылымда ХХІ ғасыр гастроэнтерология ауруларымен күрес кезеңі деп саналады. Өйткені, бұл ауру әлемде де өзекті. Әсіресе, қатерлі дерттің саны өршіп тұр. Біз емдеу үшін өз тарапымыздан барымызды саламыз. Дегенмен де, тәжірибелі шетелдік мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Кезекті жиынның көздегені де сол.   

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу