Балаларға жәбір көрсеткен қызметкерлер жазаға тартылды

25.09.2020

Павлодар облыстық балалар психоневрологиялық арнайы медициналық қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Оның алтауы заңды күшіне енген. Жүйкесінде зақымы бар балаларға жәбір көрсеткен қызметкерлердің төртеуі 3,5 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ, 2 қызметкерге қатысты сот шешімі шықты.

 Гүлсім Ахтаева, Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы:

- Қала прокурорымен күдіктілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімдерімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталығының қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарды азаптағандары үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазаға тартылды. Сот үкімдері заңды күшіне енді.


Хабарламаларға жазылу