Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Әкімшілік қамауға алынғандар саны 2 есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Әкімшілік қамауға алынғандар саны 2 есе артты

13.02.2024

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамауға алынғандар саны екі есеге артты. Себебі, заң қатаңдатылды. Мәселен, бұған дейін полиция тек жәбірленуші арыз жазса ғана істі тіркей алатын. Ал өткен жылдың шілде айынан бастап тұрмыстық жәбір көрген адам арыз жазбаса да іс қозғалып, үйдің шырқын бұзатындар тиісті жазаға тартылуда. Ішкі істер министрілігінің мәліметінше, өткен жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік, ал мыңға жуық адам қылмыстық жазаға тартылған. Естеріңізге сала кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер, буллингке ұшырағандар «111» бірыңғай номеріне қоңырау шалып, тегін кеңес ала алады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу