Өскеменде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өтті

25.09.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысына барды. Мамандар Өскеменде мемлекеттік қызмет тізгініндегі облыстық департамент басшыларымен кездесті. Мақсат – жемқорлықпен күресті күшейту, ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.  

Жемқорлықпен күресте қоғам саналы түрде бірлесе әрекет етуі тиіс. Әйтпегенде бармақ басты, көз қыстылық әрекеттерді түбегейлі жою мүмкін емес. Мемлекеттік қызметкерлермен кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері осылай деді.

Ырза Тұрсынзада, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі:

- Мұның зардабын барлығымыз көріп жатырмыз. 

Қоғам індетіне айналған жемқорлыққа жол бермеу - алдымен жауапты қызметтерді атқарып жүрген мамандардың міндеті. Өйткені кез келген адам қандай да бір шаруасын шешу үшін мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің көмегіне жүгінеді.

Арман Бердалин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі:

- Өңірдің атқамінер азаматтары және осы жердегі қоғам белсенділерінің бірлесіп жасап жатқан жұмыстарын көрдік. Яғни жемқорлыққа төзбеушілік, ақпараттық насихат бағытында жасалған жұмыстары. Арнайы мониторингтік топтары, «Адалдық алаңы» бар, түрлі агенттіктің жанына шоғырланған қоғам өкілдерінің жасап жатқан жұмысына көңіліміз толып отыр.

Агенттік өкілдері елдің өзге өңірлерінде де кездесулер ұйымдастырмақ.  

Қуаныш Амантайұлы


Хабарламаларға жазылу