Ақтөбеде науқастарға 300 реанимациялық орын дайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде науқастарға 300 реанимациялық орын дайындалды

25.09.2020

Ақтөбе облысында короновирустың екінші толқынына дайындық пысықталды. Медицина мекемелерінде 3500 төсек-орын және 300 реанимациялық кереует дайындалды. 1,5 мыңнан астам төсек-орын оттегімен, үш стационар орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген. Жоспар бойынша өңірдегі стационарлардың автопаркі 41 машинамен толығады. Қазірге дейін 7 жедел жәрдем көлігі сатып алынған. Дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс заттарының қоры жеткілікті. Кадр мәселесі қалалық емханалардың, ауруханалардың және медициналық университеттің профессор-оқытушылық құрамы есебінен шешілмек.   

Нұржауған Қалауов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Осы аптадан бастап түгел провизорлық стационарлар жабылды. Қазір қала бойынша тек бір инфекциялық аурухана жұмыс жасап жатыр. Екінші кезеңге дайындық бойынша 3588 төсек орындайыындалып отыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу