Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы жүйелі жүзеге аспай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы жүйелі жүзеге аспай отыр

24.09.2020

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасын іске асыруда ашықтық жоқ. Бұл жөнінде Қазақстан Коммунистік халық Партиясының Қарағанды облыстық комитетінің мүшелері мәлімдеп отыр. Олардың пайымынша, жұмыссыздық көрсеткішін 4,8 %-ға дейін төмендетуі тиіс жоба межелі міндетін орындай алмаған. Еңбекпен қамту мәселесі әлі де өзекті. Білім саласында 7 мыңнан аса бос орын тұрса, медицинада 6 мың маман тапшы. Кемшілікке мамандарды қайта оқыту курстарының дұрыс ұйымдастырылмауы себеп. Әрі бағдарламаның есебінде ашықтық жоқ дейді.

Аннатолий Баранов, Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің екінші хатшысы:

- Аталған бағдарламаның жүзеге асыру барысында бірнеше қиындық бар. Ашықтық жоқ, қазір қоғамға қажетті мамандық түрлеріне сараптама жасалмайды. Пандемия жағдайында біраз жұмыс түрі онлайн жүйеге көшті. Соның салдарынан келешекте кейбір мамандықтар мүлдем керек болмай қалуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстау керек.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу