«Әлеуметтік қамқорлық». Үкімет мүшелері Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті

31.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық әлеуметтік бастамалары мерзімді әрі сапалы орындалады және оның іске асырылу барысы қатаң бақылауда. Кезек күттірмейтін шаруа болса ол - халықтың табысын көбейтіп, тұрмысын түзеу. Әсіресе, жәрдемақы мен жалақының өсімі және жұмыссыздықпен күрес басты назарда.

Триллиондап теңге қарастырылған бағдарламалар нақты нәтижеге бағытталған. Жұрттың бәрін жәрдемақымен жарылқаудың соңы жақсылыққа әкелмейтіні белгілі. Сондықтан әлеуметтік саясат бірінші кезекте халықты жаппай жұмысқа жұмылдыруды көздейді. Аймақтарда жұмыс сапарымен жүрген Үкімет өкілдері қарапайым халықпен кездесу кезінде осы мәселені жан-жақты түсіндіруге тырысып жатыр. Осы аптада Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова бастаған ақпараттандыру тобы Ақмола облысында болды. Оның қорытындылары туралы тілшіміз Ербол Мәндібек баяндайды.

Хабарламаларға жазылу