Карантин кезінде жұмыссыздарға берілетін төлем мөлшері өсуі мүмкін

24.09.2020

Коронавирустың екінші толқыны болса, 2 млн-нан астам адам қолдауға мұқтаж болады. Тағы 170 мыңға жуық тұрғын жұмыссыз қалады. Сондықтан COVID-тен келуі мүмкін қатерге төтеп беруге күш салу керек. Мәжілісте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысын баяндаған сала министрі осылай деді. 

Біржан Нұрымбетов сын сағатта шұғыл шаралар қабылдауға дайынбыз деді. Яғни, азаматтар жұмыстан қысқарған жағдайда өтемақы немесе ең төменгі жалақы деңгейінде субсидия енгізілуі мүмкін. Ал карантин кезінде төленетін төлем көлемін көбейту ұсынылды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу