80 мың вакцина қажет: БҚО-да құс тұмауының алдын алу шаралары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

80 мың вакцина қажет: БҚО-да құс тұмауының алдын алу шаралары жүріп жатыр

23.09.2020

Ресейдің 5 аймағымен шектесетін БҚО-да құс тұмауының алдын ала жұмыстары күшейді. Өңірде 1 млн 600 мың құс тіркелсе, соның басым бөлігі 3 кәсіпорында өсіріледі. Олардың басшыларына талапты қатаңдату турасында ескерту жасалды.

Сондай-ақ шекарадағы бақылау да жіті назарда. Дерт дендеген Ресей аймақтарынан құс өнімдерін кіргізуге тыйым салынды. Бұған дейін облыс құс тұмауына қарсы 111 мың екпе алуды жоспарласа, енді қосымша тағы 80 мың доза сұратып отыр. 

Қазыбек Ташимов, БҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Ресеймен шекаралас аудандарда орналасқан құстардың саны нақтыланып, қосымша вакцина сұратылды. Жұмыс тобы жасақталды аумақтық инспекцичямен бірлесе отырып. Күнделікті аудандардан ақпарат сұратылып, құстардың өлу фактілерінің бар-жоқтығын анықтап, күн сайын мониторинг жүргізілуде.  

Павлодар облысында құс тұмауының тағы бірнеше дерегі тіркелді. Железин ауданының Ақтау ауылдық округінде таңертең оншақты құс қырылған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қалған 93 мың құсқа екпе салынып жатыр. Қазіргі уақытта ауру ошағы анықталған Тереңкөл және Железин аудандарының ауылдары карантинге жабылды. Елді мекен аумағында дезинфекциялық бекеттер қойылды.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу