Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлейтін ақша дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлейтін ақша дайын

06.10.2020

Елде құс тұмауының таралу қарқыны басылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Ол осыдан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлейтін қаражат та дайын екенін хабарлады. Қазір өңірлердегі жұмыс топтары қырылған құстың санын есептеп жатыр. Осы уақытқа дейін 593 мың құс өлгені анықталған. Оның 24800-і жеке шаруашылықтарда, 308500-і фабрикаларда. Айта кетейік, елде 36 құс фабрикасы болса, тұмау соның екеуінде ғана тіркелген. Қалғаны жеке шаруаларда. Яғни, бұл көрсеткіш құс еті мен жұмыртқаға тапшылық тудырмайды,-дейді министр.   

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: 
-Үй шаруашылығындағы барлық құстардың 80 пайызына дейін вакциналанған. Ал, мына құс тұмауына байланысты бізде барлық шешім уақытылы қабылданып отырды.Вакциналарды керегінше жеткізіп беріп отырдық. Қазіргі кездің өзінде де қорымызда қосымша 700 мың вакцина бар.  

Сондай-ақ, министр Жолдауда айтылған міндеттердің қалай атқарылып жатқанына тоқталды. Әсіресе, игерілмей жатқан жерді мемлекет иелігіне қайтару қарқын алған. Қазір пайдаланылмай жатқан жерді қайтару мерзімі екі жылдан бір жылға қысқартылған. Сондай-ақ, енді оны соттың араласуынсыз-ақ, қайтарып алу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал, 2023 жылдан бастап жерді электронды түрде бөлуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Бұл жерді пайдалану процесін ашық әрі әділ етеді.

Амангелді Сейітхан


Құс тұмауы өтемақы

Хабарламаларға жазылу