Елордада ауа райының күрт салқындауына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады: балабақшалардың шамамен 50%-ы, денсаулық сақтау объектілерінің 25%-ы, білім беру, мәдениет объектілерін қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша да дайындықтар жалғасып жатыр. Объектілерге дайындық паспорттары алынды, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды.
Жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 11 нүктеде сатылады. Отын қоймаларында жеткілікті көлемде бар. Көмірдің бағасы, түрлері және саны туралы толық ақпаратты 109 жедел желі нөмірі бойынша білуге болады. Сонымен қатар, тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда.