Қарағанды облысының Нұра ауданында үй құстары қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Нұра ауданында үй құстары қырылып жатыр

22.09.2020

Қарағанды облысының Нұра ауданында үй құстары баудай түскен. Изенді, Тассуат ауылдарында барлығы 86 тауық пен қаз қырылған. Ветеринар мамандар өлекселерден және тірі құстардан сынамалар алып, оны Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханаға жіберді. Апта соңына дейін қорытындысы шығады. 

«Құстардың неден қырылғаны жөніндегі ақпарат қосымша хабарланады»,-дейді мамандар. Айта кету керек, биыл жылдағы жоспар бойынша өңірдегі құс фермалары мен жақын маңдағы ауылдарда 500 мыңға жуық құсқа екпе салынған.

Марат Мұхтаров, облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі:

- Бұл ауру, сол ауру деп айтуға болмайды. Себебі өлген құстардан патологиялық материалдар алынып, қан сынамалары Нұр-Сұлтандағы референдтік орталыққа жіберілді. Бүгінгі күні зерттелу үстінде. Бүгінгі күні құс фабрикаларынан ешқандай өлім-жітім хабары келіп түскен жоқ.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу