Түркия мектептерінде сабақ басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мектептерінде сабақ басталды

21.09.2020

Түркияда алты айлық үзілістен соң бүгін мектептерде алғашқы сабақ басталды. Алайда қауіпсіздік мақсатында тек дайындық және бірінші сынып оқушылары ғана мектепке бара алады. Мамандар бұл жастағы балалар үшін коронавирус аса қауіпті емес деп шешкендіктен, елдің Білім министрлігі осындай қадамға барып отыр. Дегенмен баласын мектепке жібергісі келмейтін ата-аналар болса, оған шектеу қойылмайды. Ал сақтық шаралары қатаң. Мәселен, мектепке міндетті түрде маскамен келеді, әр партада бір бала ғана отырады және әр сыныпта он оқушыдан артық болмайды.  

Рабиа Унсалды Көре, психолог мұғалім:

- Баланы мектепке жіберу-жібермеу туралы соңғы шешімді әрине ата-ана қабылдайды. Оның үстіне балаға үнемі маска тағып жүру, достарымен арақашықтық сақтау да өте қиын. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер балаларға демеу болып, вирустың қауіпін мейлінше дұрыс түсіндірулері керек. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу