Түркияның «Жезери» атты алғашқы отандық ұшатын автокөлігі сынақтан сәтті өтті. 1,5 жыл бұрын құрастырыла бастаған 230 килограмдық көлік ішіндегі бір адаммен 10 метр биіктікке көтерілген. 8 электр моторы бар автокөлік әзірге 100 км/сағат жылдамдықта, бір сағат бойы тоқтаусыз ұша алады. Автомобильді құрастырушы Түркиядағы белгілі инженер Селчук Байрактардың айтуынша, бұл автокөлік алдағы 3-4 жылда медициналық және құтқару қызметтерінде, сондай-ақ жүк тасымалдау бағытында қолданыла бастайды. Дегенмен жаппай өндіріске шығады деуге әлі ерте. Селчук Байрактар бұған дейін Түркияның алғашқы пилотсыз ұшу аппаратын жасап шығарған болатын.
Селчук Байрактар, инженер-құрастырушы:
- Қазір қолданып жүрген ақылды автокөліктер мен электромобильдерден кейін нарыққа ұшатын автомобильдер келеді. Біз алдағы уақытта осындай жобаларымызды жалғастыра бермекпіз. Алайда бұл көліктердің жаппай өндіріске шығарылып, көшеде жүруі үшін әлі 10-15 жыл уақыт керек.
Айдос Әшімұлы