Депутат Айқын Қоңыров несиеге рақымшылық жариялауды ұсынды

16.09.2020

«Пандемия кезіндегі шектеулер вирустың таралуын тежеуге сеп болды. Дейтұрғанмен, шектеу шағын-орта бизнес өкілдерінің ахуалын қиындатып жіберді. Осы уақыт ішінде елдегі жұмыссыздар саны 46 пайызға жетті». Осылай деген Мәжілістегі «Коммунистік» партияның өкілі,  депутат Айқын Қоңыров Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған көрсеткіш, - дейді халық қалаулысы. Оның ойынша, кәсіпкерлер мен тұрғындардың банк алдындағы қарызына рақымшылық жариялау керек. Әрі салықтық алымдарды уақытша азайтуды ұсынды.    

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Карантин кезінде ШОБ саласында өндіріс көлемі күрт төмендеді: қоғамдық тамақтану – 53, бөлшек сауда – 45, көлік – 37 пайыз. Бұл кәсіпкерлердің де, олардың қызметкерлерінің де кәсіпорындарды жабу, банкроттық жариялау, банктермен сот ісін жүргізу секілді тәуекелін арттырды. Ресми мәлімет бойынша, карантин кезінде жұмыспен қамту аймағынан 4 миллион 200 мың адам шығып қалды.

Ғабит Бөкенбай



Хабарламаларға жазылу