Қазақстандағы 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

16.09.2020

Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы 25 жоғары оқу орнының лицензияларын қайтарып алды. Енді ол университеттер кадрларды дайындау бағыттары бойынша мамандықтарын жабады. Атап айтсақ, «Педагогикалық, гуманитарлық ғылымдар», «Өнер», «Жаратылыстану», «Техника ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары оқытылмайтын болды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мекемелерде нормативтік-құқықтық актілер сақталмағаны анықталды. Айта кетейік, Президент елдегі әлсіз университеттерді толықтай жабу тапсырмасын жүктеген еді.

Гүлзат Көбенова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің комитет төрайымы:

- Алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша ЖОО кадрларды дайындау құқығынан айырылды. Оқуда болған студенттер құқықтық негізде басқа ЖОО ауысып, оқуларын жалғастыруда.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу