«Борышкер» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Борышкер» акциясы басталды

16.09.2020

Елордада бүгіннен бастап «Борышкер» акциясы басталды. Жедел алдын алу шарасы әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарғандарды анықтауға бағытталған. 

Раушан Сайлауқызы, тілші:  

- Бүгін таң сәріден Полиция департаментінің мамандары сот орындаушылармен бірлесіп, елорданы әр аумағына аттанды. Түсірілім қарсаңында бір ғана патрульдік топ бір сағаттың ішінде «Сергек» арқылы шамамен үш көлікті анықтап, оның біреуін айыппұл тұрағына апарды. Белгілі болғандай, бұл жүргізуші екі рет жол ережесін бұзған. Біра, айыппұлды төлемегеніне бір жылдан асыпты. 

Бауыржан Тоғжұманов, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басқармасының аға инспекторы: 

- Қаланың аумағында орнатылған бейнекамералармен «Сергек» бейнекамераларымен автокөліктерді анықтап, сол азаматтарды анықтап, тоқтатып, егер соттың шешімміен көлігіне қандай да бір шектеу қойылатын болса, бұл көліктер айыппыұл тұрағына қойылады. Немесе сот шешіміне сәйкес жеке куәлігі алынады. 

Раушан Сайлауқызы, тілші:  

- Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жол ережесін бұзып, айыппұл арқалағандардың саны 1 млн-нан асады. Бұдан бөлек, алиментін төлемей жүргендер, қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар, спирттік ішімдік ішіп, темекі тартқандар айыппұлды уақытылы төлемесе, мамандар осы рейд арқылы анықтап тиісті шара қолданбақ. Сондықтан департамент мамандары айыппұлды уақтылы төлеуді талап етіп отыр. «Борышкер» акциясы қыркүйектің 29-ына дейін жалғасады. 

Хабарламаларға жазылу