Еліміздегі ең бай 50 адамның қатарына кірген «Иволга Холдинг» ЖШС-нің басшысы сотталды

02.03.2020

Бүгін Қостанайдағы «Иволга Холдинг» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Василий Розиновке сот үкім кесті. Ол облыстағы ең ірі аграрлық құрылымның иесі және Қазақстандағы ауқатты азаматтардың санатында. Даудың бәрі 2011-ші жылы Еуразиялық даму банкінен 50 миллион доллар несие алудан басталды. Кейін бұл қаржының белгілі бөлігін қайтарып, тағы 30 миллион доллар алған. Розиновтың айтуынша, қаржы өндірісті дамытуға жұмсалды. Алайда ақырында несие қайтпады, сондықтан банк борышкер сенімге кіріп, алаяқтық жасады деп сотқа жүгінген. Бұған дейін серіктестің кепілге қойылған бірқатар мүлкі мен кәсіпорындары банк меншігіне өтіп, сенімгерлік басқаруға берілген еді. Бірақ сот Розиновты борышкер деп танумен шектелмей, қылмыстық кодекс бойынша да үкім кесіп отыр.

Дәурен ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу