Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар денсаулығына шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар денсаулығына шағымданды

15.09.2020

Түркіменстанда коронавирус жоқ деп жарияланса да, қазанның 15-не дейін сауда нысандарының жұмысы шектеліп отыр. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың және байланыс салондарының жұмысына ғанас рұқсат берілген. Сонымен қатар спорттық және өзге ойын-сауық шаралары тоқтатылды.

Ал Ресейде коронавирусқа қарсы жергілікті вакцинаны ектірген әрбір жетінші ерікті денсаулығына шағымданған. Олардың бұлшық еттері ауырып, температурасы көтеріліп, әлсіздікті сезінді. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзіне сілтеме жасап, «Известия» газеті хабарлады. Дегенмен, министрдің мәлімдеуінше, аталған симптомдар бір тәулікте кетеді екен. 

Ресейдің «Спутник-V» препараты тұрғындарға шамамен желтоқсанның басында жаппай егіле бастайды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу