Әлем нарығында бүгін де мұнай бағасы төмендеді. Соңғы мәліметке қарағанда, оның Brent маркасы баррелінің құны 0,1 пайыз құн жоғалтып, 39 доллар 56 центке сатылды. Ал, америкалық сұрып WTI 37 доллар 23 центке дейін арзандаған.
Кейбір экономистердің пікірінше, көмірсутегі бағасының түсуіне дүниежүзінде отынға деген сұраныстың пандемияға байланысты баяу қалпына келуі себепші. Қазір АҚШ, Үндістан, Қытай тәрізді алып елдердің өзінде энергетикалық шикізат бұрынғыдай сатылмай отыр.
Ал Құрама Штаттардың мемлекеттік қарызы келесі жылы ел экономикасының көлемінен асып, бюджет тапшылығы биыл рекордтық 3 триллион долларға жетпек. Мұны Конгресстің бюджеттік басқармасы ескертіп отыр.
Қарыздың айына 1 триллион долларға артуына эпидемиядан зардап шеккен экономиканы қолдауға қаражаттың көп шығындалуы себепші.
Арыстан Рысбек