Алматы тұрғыны 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

15.09.2020

Материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Тергеу барысында азаматтың 2016-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактуралар жасап, оған есеп беретін коммерциялық компания арқылы жалпы сомасы екі миллиард теңгеге қызмет көрсетпей, салық төлеуден жалтарғаны анықталды. Ол бұл әрекеті үшін экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға шеттетіліп, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабарламаларға жазылу