Алматыда салық төлемеуге көмектескен тұрғын жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда салық төлемеуге көмектескен тұрғын жазаланды

29.11.2021

Алматыда қомақты қаражатты заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдырған тұрғын жазаланды. Осындай жолмен пайда тауып келген азамат төрт бірдей жалған компания ашып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы заңды тұлғалардың салық төлемеуіне жол ашып отырған. Бұдан ел экономикасы орасан зиян шекті. Тергеу барысында анықталғандай күдікті 2017-2020 жылдар аралығында жалған есеп құжаттарын беру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметін көрсеткен. Сот үкімімен ол бес жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды.

Жақсылық Мырзахан, қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

Оның іс-әрекетінен мемлекетке 2,6 млрд теңге залал келтірілді. Алматы қаласы сотының үкімімен бұл азамат кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Хабарламаларға жазылу