Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген

13.09.2020

Жеті жыл бұрын қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» болып белгіленген. Көзқарастар, пайымдар және формация өзгеріп жатқан қазіргі дүниеде отбасы институтының бейнелеп айтқанда «керегесін, уықтарын» сындырмауға, «шаңырағын» қалай шайқалтпауға болады?  

Отбасы деген «айдаладағы ақ отау» емес. Оған бәрі әсер етеді, ықпал етеді. Бір жағы күрделі анализ керек. Екінші жағынан, сол баяғы қарапайым қағида сияқты. Сүйіспеншілік пен сенімге толы, еңбек әспеттелетін отбасы – тірегіміз. Әрбіреуіміздің, бәріміздің ұйыған шаңырақта өмір сүргіміз келеді. Және оған әрбіреуіміздің, бәріміздің қақымыз бар.

Әрбір бала қазына саналатын, сапалы білім берілетін, медициналық көмек сапалы көрсетілетін, жолдары сапалы, бюджет әділетті бөлінетін, тағысын тағы, сұраныстар орындалса, «қайткен керек?» деген көп сауал өзінен-өзі мағынасыз болып қалар еді.


Хабарламаларға жазылу