Ақтөбеден «Nur Otan» партиясының праймеризіне 159 үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеден «Nur Otan» партиясының праймеризіне 159 үміткер тіркелді

11.09.2020
Ақтөбеден «Nur Otan» партиясының праймеризіне 159 үміткер тіркелді

Ақтөбе қаласынан «Nur Otan» партиясының праймеризіне 159 үміткер тіркелді. Бүгін бірнеше кандидат «Казхром» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. Акционерлік қоғамға тиесілі Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ұйымның 2 мыңға жуық мүшесі бар. Ал, бүгінгі басқосуға санитарлық талаптарға байланысты 50-ге жуық жұмысшы келді. Кандидаттарға бақ сынауға тең мүмкіндік жасалған. Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы әлеуметтік желілерде де бейне-конференциялар өтіп жатыр. 14 қыркүйектен бастап үміткерлер жария пікірсайыстарға қатысады. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу