Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізіледі

11.09.2020

Осы жылдың мамырында Ресейдің Тверь облысынан табылған қазақ сарбазы Азықан Нұғұмановтың сүйегі бір жетіден соң 18 қыркүйек күні елге жеткізіледі. Марқұм Ақмола облысының тумасы болып шықты. 1897 жылы дүниеге келген, 45 жасында ІІ Дүниежүзілік соғысқа аттанған.  

Жалпы, қан майданда соғысқан 270 мың отандасымыз хабар-ошарсыз кеткен. Оларды іздестіру үшін Ресейде «Естелікке жол» атты арнайы сайт құрылған. Бұл жерде із-түзсіз кеткен сарбаздар туралы мағлұмат алып, іздеу жасақтарымен байланысуға болады.

Жанар Колбачаева, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі:

- Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған жауынгерлерді қайта жерленгені туралы ақпаратты іздеуде біз еліміздің азаматтарына тұрақты негізде көмек көрсетіп келеміз.Әрі қарай жерлеу үшін қазба жұмыстары кезінде майдан далаларында қалған қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздеуге көмек көрсетудеміз. Жыл басынан бері 10 шақты сарбаздың денесі елге жіберілді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу