Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы құжат қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы құжат қаралды

10.09.2020

Курортты аймақтардағы мақсатты пайдаланылмаған жерлер ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қайтарылады. Бүгін Сенат осы процедураны жеңілдету туралы заң жобасын қарады. Құжат жер телімдерін кері қайтару процедурасын едәуір жеңілдетуді көздейді. 

Заң депутаттардың бастамасымен жазылған. Негізгі мақсаты туризмді дамытуға немесе арнайы экономикалық аумақ ретінде берілген жер телімі 1 жыл қаңырап бос тұрса, мемлекетке оны кері қайтару.

Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл біріншіден уақытты, бастысы бюджет қаржысын үнемдеуге көмектеседі. Яғни, қайта тексеру, сараптама жүргізудің қажеті болмайды. 

Мәселен, Бурабайдан 2012 жылы туризмді дамыту үшін 360 гектар жер бөлінген. Оның 110 гектары қазір қаңырап бос тұр. Іле Алатауындағы Көк Жайлауда да 2014 жылы 1002 гектар жер мақсатты пайдаланылмай тұр. Осы түйткілді тез арада шешуді Президент өзі де тапсырған. Енді осы жер телімдерінің барлығы кері қайтарылады. Ал заң жобасына сәйкес оларды ерекше қорғалатын жерлердің қатарына қосу жеңіл әрі жылдам жүргізіледі.

Әбдәлі Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

- Қабылданған заң жобасы қай тарылған жер учаскелеріндегі табиғи кешен, табиғи қорық обектілерін сақтау, туризм жүйесін дамыту түрінде оң әлеуметтік экономикалық серпін болады деп күтілуде.

Заң жобасын әзірлеу кезінде шет елдік тәжірибе де зерттелді. Көп елде экологтар мен қоғам белсенділері табиғи парктің аумағын пайдалануға беруге қарсы болса, жер екшімге берілмейді. Осы принципті енді біз де ұстанамыз. 

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Экология министрлігі табиғат пайдаланушы ретінде бұл жерде. Өзі сараптама жасайды. Яғни, өзі бақылайды өзі жұмыс өткізеді. Меніңше, бұл бір біріне қайшы келетін мәселелер. Соған байланысты экологиялық сараптаманы біз шетелдің тәжірибесімен өзгертуіміз керек.

Жан жақты талқыдан өткен заң жобасы сенаттың бірінші оқылымында мақұлданды. Енді депуттар құжатты екінші оқылымға дейін тағы бір електен өткізеді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу