Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленді

09.09.2020

Президент Жолдауын іске асыру жөнінде жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Бүгін ол Үкімет отырысында таныстырылды. Жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және экономика, өңірлік даму, білім, денсаулық сақтау, цифрландыру сияқты 10 бағыттан тұрады.

Отырыс барысында Ұлттық экономика министрі 8 айдағы бюджеттің атқарылуы бойынша есеп берді. Тауар өндірісінде 1,7 пайыз өсім бар. Ал пандемияға байланысты қойылған шектеулердің салдарынан көрсетілетін қызмет 6,1 пайызға қысқарған. Нәтижесінде еліміздегі жалпы ішкі өнім 3 пайызға кеміп кетті. Премьер-Министр жаңа жоспарға сәйкес барлық көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмысқа кірісуге тапсырма берді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі бүгін ұсынылған жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары қойылған міндеттерге сай. Президент жоспарды бекіткен соң барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бірден оны орындауға кірісуі керек. Бірінші басшылар жоспарды үлкен жауапкершілікпен сапалы әрі уақыты орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу