Қазақстанда бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді

09.09.2020

Қазақстанда білім берудің бірыңғай онлайн платформасы құрылады. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын таныстыру кезінде Ұлттық экономика минситрі Ерболат Дәленов осылай деді. 

Бұл арқылы онлайн білім берудің сапасы арттырылмақ. Сондай-ақ салаға білікті мамандар тартылып, мұғалім мәртебесін өсіру жұмыстары әрі қарай жалғаса бермек. Кәсіби мамандар дайындау тұрғысында еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауға ерекше мән беріледі. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу