ҚКХП өкілдері кәсіпкерлермен өткір мәселелерді талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚКХП өкілдері кәсіпкерлермен өткір мәселелерді талқылады

09.09.2020

Павлодарда Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері кәсіпкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. Бүгінгі кездесуде шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылық өнімдерін сату кезіндегі кедергілер және жекеменшікті заңсыз тартып алуға, яғни рейдерлікке қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қатысушылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлық тыйылар емес. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметі ақсап тұр.

Темен Жайлин, ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің өкілі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш мәселелерге баса назар аударды. Нақты міндеттер де қойылып жатыр. Бүгін жиналғандар күн сайын осы проблемаларға кезігеді. Қазір бір-бірімізбен пікір алмасып, оның алдын алуға жоспар құрып жатырмыз. Қорыта келе, осындай бейресми кездесулерді жиі өткізіп, нақты мәселені шешудің тетіктерін құрастырып, құзырлы органдарға жібереміз.

Хабарламаларға жазылу