Дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді

05.07.2020

Президент твиттердегі парағында: Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады, - деп жазды. Денсаулық сақтау жүйесінің коллапс дерлік жағдайы, дәрі-дәрмек тапшылығы, дәрігер жетпей жатқаны көктемдегі төтенше жағдай кезінде атқарушы биліктің де, азаматтардың да тиісті қорытынды шығармағанынан дейді мамандар. Әсіресе атқарушы биліктің. Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігі өте қауіпті вирус шыққанын, алдын-алатын вакцина да, емдейтін препарат та жоқтығын біле тұра вирус таралуының шарықтау шегінде. 3500 адам жұқтырады деп болжам жасаған еді. Ал енді қауіптің масштабын осылай деп қабылдаса, оны еңсерудің шаралары да сол деңгейде қарастырылған ғой?! Үш ірі қалада арнайы салғызған госпитальдердің әрқайсысы 200-ақ орынға шақталып тұрғызылғаны, дәрі, қорғаныш заттарының тапшылығы, қорғаныш заттарының тіпті дәрігерлерге неге жетпей жатқаны түсінікті. Медицина қызметкерлеріне өтемақы, табыссыз қалғандарға жәрдемақы берілгенде шыққан шуға орай әр түрлі ақталулар мен түсіндірулердің болымсыз екенінен-ақ, «сол баяғы ән» екені белгілі болған. 

Хабарламаларға жазылу