Өскеменде Абайтану институты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Абайтану институты ашылды

08.09.2020

Шығыс Қазақстанда Абайтану ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ашылған орталықтың мақсаты - Абай әлемін дәріптеу, ұлы ойшыл ақынның ілімін насихаттаудың түрлі әдістерін ұсыну. 

Өскемендегі жоғары оқу орнының ғалымдары институттың ашылуына үлкен дайындықпен келген. Ғылыми әдістемелік қорлары өте мол. Республикалық деңгейде басқа да Абайтану орталықтарымен бірге жұмыс істеп, облыс бойынша бірден-бір ғылыми әдістемелік кеңес бере алатын орталыққа айналыруды көздеп отыр.

Айжан Картаева, Абайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры

- Биылғы жылы қаңтар айынан бастап 5-8 сыныпқа Абайтану курсы еңгізілген болатын, осы Шығыс өңірінде ғана. Облыстық Білім басқармасы, «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе отырып, біз мектеп мұғалымдеріне арналған «Абайтану» кітабын құрастырдық.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу