ШКО-да Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 150-ге жуық мәдени іс-шара ұйымдастырылды

30.11.2020

Шығыс Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 150-ге жуық мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойы әлемді жайлаған пандемиямен тұспа-тұс келсе де, Шығыс өңірі ұлы ақынның ғибратты ғұмырын, ұлағатты мұрасын насихаттау жолында көп шаруа атқарды.  

Ең алдымен ақынның кіндік қаны тамған жерде барлық маңызды нысандар қайта жаңғыртылды. «Жидебай-Бөрлі» тарихи-мәдени кешені жаңа келбетке ие болды.  

Даниал Ахметов, облыс әкімі: 
-Ұлы Абай туған жер. Сол себептен біз осында абаттандыру жұмыстарын жасадық. Міне, тамаша жер болды. Осы жерге енді мыңдаған қазақстандықтар, біздің қонақтарымыз, абайтанушылар, жастар келіп Абайдың философиясымен танысады.  

Ал облыс орталығында өскелең ұрпақты Абай әлемімен жақынырақ таныстыру үшін «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты жұмыс істей бастады. Өскемендегі жоғарғы оқу орнының ғалымдары орталықтың ашылуына жақ-жақты дайындалды. Ғылыми әдістемелік қорлары өте мол. 

Айжан Қартаева, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры: 
-Биылғы жылы қаңтар айынан бастап 5-8 сыныпқа «Абайтану» курсы еңгізілген болатын, осы Шығыс өңіріне ғана, аймақтық. Облыстық білім басқармасы, «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе отырып біз мектеп мұғалымдеріне арналған «Абайтану» кітабын және оқушыларға арналған абайтанудың оқу бағдарламасын жасап құрастырдық. 

Ал еліміздің мәдени-рухани астанасы саналатын Семей қаласында «Ұлы ақын Абай, ұлдарымен» ескерткіші ашылды. Бұдан бөлек «Абай әлемі» топтамасымен 22 кітап жарық көрді.Олардың арасында жергілікті жазушы Борис Щербаковтың екі туындысы бар.

Берік Көшербай


ШКО Абай мерейтой

Хабарламаларға жазылу