Жамбыл облысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісі артады

08.09.2020

Жамбыл облысының Қордай ауданында жылына 60 миллион доза биофармацевтикалық препараттар шығарылатын зауыт салынбақ. Бұған қоса облыста жылына 15 миллионға дейін экспресс-тесттер өндіретін кәсіпорын биыл пайдалануға берілмек. Осылайша дәрі-дәрмек пен медициналық заттардың өндірісі артады. 

Қос кәсіпорында 260 адамға жұмыс орны ашылады. Өңірде індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары да қызу. Айталық, Таразда қалалық перзентхананың бос тұрған ғимараты инфекциялық аурухана ретінде қайта жабдықталуда. Мекеме қыркүйек айының ортасында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов ауданында 150 орындық туберкулезден емдейтін аурухана жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта ашылды. Осылайша емдеу мекемелеріндегі орын 2530-ға жеткен.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу