10 млн теңге пара алған «Еңбек-Өскемен» мекемесінің басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 млн теңге пара алған «Еңбек-Өскемен» мекемесінің басшысы ұсталды

07.09.2020

Шығыс Қазақстан облысында Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорынының бас директоры пара алып жатқан жерінен қолға түскен. Лауазымды тұлға кәсіпкерлерден шілдеден бастап жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған үшін ақша талап етіп отырған. Соңғы бір-екі ай көлемінде 10 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары кәсіпорын басшысын кезекті рет пара алып жатқан кезде қолға түсірді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жігер Байдилдин ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

- Лауазымды тұлғаға қатысты тергеу соты, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасыуда. Түпкілікті шешім сотпен қабылданатын болады.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу