15 млн теңге пара алған басқарма басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 млн теңге пара алған басқарма басшысы ұсталды

29.10.2019

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы ұсталды. Ол 15 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Рустам Бикенов ақшаны 2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында облыстық өлкетану және Мәлік Ғабдуллин музейлерін жөндеу кезінде атқарылған жұмыстар актісіне қол қою үшін алып келген. 

15 миллион теңге бөлшектеліп берілген. Соңғы 5,7 миллион теңгені алу кезінде күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау мекемесіне тоғытылды. Қазіргі уақытта оған қатысты ірі көлемде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу