Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жүйелі көмек берілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жүйелі көмек берілуі керек

03.09.2020

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға шаруасына қарай қолдау жасалуы тиіс. Бүгін Қазақстан коммунистер партиясының Нұр-Сұлтан қалалық комитеті осындай бастама көтерді. Олардың пайымынша, азын-аулақ малы, аядай бақша және такси қызметі арқылы нәпақа тауып отырғандар жетерлік. Оларға автобөлшек жаңарту, тұқым алу сияқты көмекке мұқтаж. Саяси ұйым өкілдері осы мәселеге Үкіметтің назарын аудармақ. Өйткені олар әлеуметтік қолдаудан қағылған санатқа жатады. 

Партия өкілдері олар туралы статистикалық мәліметтің нақты еместігін алға тартты. Айта кетейік, елде өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар дар 2 млннан асады. Алайда салық төлеп отырған мұндай азаматтар 3 млнға жеткен. 

Нұрдәулет Оразханов, Қазақстан коммунистік халық партиясының қалалық комитетінің бірінші хатшысы:

- Өзін-өзі қамтыған азаматтар бойынша статистика бізде есеп үшін құрылады. Нақты статистика құрылу керек белгілі бір мәселені шешу үшін. Пандемияның кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны әлдеқайда көп екенін төлемнен көріп отырмыз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу