Ауыл әкімдерін енді халық сайлайды. Жолдауда Президент аталған жүйені зерделеп, көп кешіктірмей іске асырудың маңыздылығын атап өтті. «Мұның өзі тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, басқару ісіне араласуына мүмкіндік береді», - дейді облыстық мәслихат депутаты, «Болашақ» қорының төрайымы Салтанат Тұманбаева.
Сондай-ақ мәслихаттардың құзыретін кеңейту де өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етпек. Әрі олардың жұмысының ашықтығын қамту, депутаттарға деген халық сенімін нығайтатын болады.
Салтанат Тұманбаева, «Болашақ» қорының төрайымы:
- Ауылдың мәселесін, ауылдың әкімі ғана жақсы біледі, соны көтереді. Сонда ғана ол жергілікті халықпен кері байланыс жасап, сол жерде шыныменде мәселесін айтса, содан асқан әкім болмайды деп ойлаймын. Мүмкін болашақта мұндай жоба тек қана ауылдық емес, қалалық, облыстық деңгейде де жүзеге асуы да әбден ықтимал.
Рауан Диәли