Праймеризге қатысуға өтініш білдіргендердің 34 пайызы - әйелдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймеризге қатысуға өтініш білдіргендердің 34 пайызы - әйелдер

29.08.2020

Праймериз мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының қатарын сапалық жағынан өзгертеді. Іске жастар мен әйелдер де белсене араласады деген болжам бар. 

Бүгінде партиялық іріктеуге өтініш білдіргендердің 34 проценттен астамы әйелдер болса, 30 пайызы - жастар. «Праймериз өңірлердегі белсенді азаматтар үшін елдің саяси өміріне үн қосуға мүмкіндік беретін әлеуметтік лифт», - дейді мамандар.

Еділ Оспан, «Nur Otan» партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары:

- Қазіргі кезде мәслихаттың, Мәжілістің құрамында көбіне мемлекеттік қызметте істеген азаматтар, экономистер, жергілікті жерлерде мемлекеттік мекемелердің басшылары отыр депутат болып. Ал енді праймеризден біз қоғамда белсенді азаматтарды көргіміз келеді.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу